Іс-шаралар » №106 ОРТА МЕКТЕП
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
"№106 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72437) 26-6-71
Есепші бөлімі:
+7(72437) 26-6-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2022

Іс-шаралар

ҮЗДІК ОҚЫРМАН ОТБАСЫ
№106 орта мектебінде 2022 жылы 13 желтоқсан  күні   оқушыларды кітап оқуға тарту,кітап оқуды насихаттау және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Үздік оқырман отбасы» сайысы өткізілді.
Мақсаты:  Балаларда кітап оқу дағдысын қалыптастыру,туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Балаларға отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып отбасы құндылықтарын дәріптеу. Сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау,рухани мұраны сақтау балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне,еліне деген патриоттық сезімін ояту.
 Сайысқа  5 сынып оқушылары ата-аналарымен қатысты.Байқау 3 кезеңнен тұрды. «Кітап және менің отбасым», «Отбасымыздың сүйікті кітабы»,  «Білімнің- көзі кітапта»  сұрақ-жауап бөлімдерден тұрды. Сайыс  бөлімдер бойынша өз дәрежесінде өтті. Сайыс  нәтижесінің қортындысы бойынша 5 сыныптың  Елбосыновтар  отбасы Үздік деп танылып,дипломмен марапатталды,Молдабеков отбасы және Жетпісбаевтар отбасы Алғыс хатпен  марапатталды.