Іс шаралар » №106 ОРТА МЕКТЕП
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
"№106 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72437) 26-6-71
Есепші бөлімі:
+7(72437) 26-6-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2023

Іс шаралар

15 наурыз күні №106 орта мектебінде мектеп «Театр және балалар» үйірмесінің жетекшісі А. Алдабергенова мен мектеп «Парламенті» жобасының жетекшісі Ш. Батырованың ұйымдастыруымен «Алаш ұлағаты» тақырыбында алаш зиялыларының тағдыры мен өмірінен мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары арасында сахналық қойылым көрсетілді.
       Қойылым барысында мектеп оқушылары ел тағдыры таразыға түскен сын сағатта Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ұлт зиялылары қазақтың болашағы үшін шешуші қадам жасап, ұлы мұрат жолында ұланғайыр қайрат көрсеткені туралы қазақ зиялыларының өмірі мен тағдырын сомдай білді. 
     Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде соқыр саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы оқушыларға мағұлмат беру, олардың есімдерін ұмытпауға, құрметтеуге тәрбиелеу;

Похожие публикации:

19 сентябрь 2023 КОНКУРС!!
15 март 2023 Іс шаралар
19 январь 2023 Іс-шаралар