07
март
2024
іс-шаралар
Құрметті асыл аналар,ардақты әжелеріміз,ару кыздарымыз!Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі -8-наурыз мерекесімен шын жүректен кұттықтаймыз!Әлемдегі ең асыл жан-ана!
Адам бойындағы асыл қасиет күннің нұрынан ананың ақ сүтінен дариды.
Қаламы жүйрік жазушы данышпан ғалым да,ел басқарған көсем де,күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып,соның көкірегінен нәр алып өскен.Ана тіршілік гүлі,отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі
Ана- ұлы адам,Ана-құдыретті жан.Аяулы аналар!Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер!
1-сынып оқушылары мен ата-аналарының ұйымдастыруымен "Ана-өмірдің шуағы"атты мерекелік кеш өтті.Мақсаты:Балалардың аналарына сүйіспеншілігін арттыра отырып,ана еңбегін ақтауға,құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі:Г.Нұрмаханова