Іс-шаралар » Страница 2 » №106 ОРТА МЕКТЕП
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
"№106 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72437) 26-6-71
Есепші бөлімі:
+7(72437) 26-6-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
🚀"Физикадан қызықты тәжірибе алаңы"
08
апрель
2025
🚀"Физикадан қызықты тәжірибе алаңы"
"Физикадан қызықты тәжірибе алаңы" 8.04.2025 ж күні 106 орта мектебінде "ИФМ және Ғарыш әлемі жасанды интеллектпен бірге" тақырыбында информатика, физика, математика пәндері апталығының жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімі Ж.Жақанованың ұйымдастыруымен "Физикадан қызықты тәжірибе алаңы" атты "Жас физиктер" үйірме мүшелерімен қызықты тәжірибелер жүргізді. Оқушылар шармен, сумен және  электр тогы, ауаға, қысымға, денелердің жүзу шарты т.б физикалық құбылыстарға байланысты қызықты тәжірибелер
іс-шаралар
20
март
2024
іс-шаралар
№106 орта мектебінің 10 сынып жетекшісі А.Мусаеваның ұйымдастыруымен мектеп парламентінің фракция мүшелері жасөспірімдер арасында жасалатын құқық бұзушылықтың алдын - алу мақсатында  «Ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған құқықтық жадынама» таратты. 
іс-шаралар
19
март
2024
іс-шаралар
 Армысыздар ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулығымыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!         2024 жылдың 19 наурыз күні "Қош келдің, Әз наурыз!" тақырыбында 3-сыныпта мерекелік кеш өтті.        Мақсаты: Оқушыларға  қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы  адамгершілікке, ұлтжандылыққа
іс-шаралар
19
март
2024
іс-шаралар
 19 НАУРЫЗ - ЖАҢАРУ КҮНІ         №106 орта мектебінде "Наурызнама" жаңа форматы бойынша "Жаңару күні" жобасы аясында мектеп  қызметкерлерімен  көгалдандыру, аулаға тал егу жұмысы болып өтті.        "Бір тал кессең, он тал ек" қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Қазақ әуел бастан Наурыз мере­кесіне ерекше даярланған. Көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ ауланы, тоғайлар маңын тазалап, ағаштардың түбін әктеп, күтім жасаған. Наурыз — мезгілдің, жылдың
іс-шаралар
19
март
2024
іс-шаралар
"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің  №106 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19.03.2024 жылы 5-сынып оқушылары 22 наурыз  Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай “Жаңару”.”Ағаш егу дәстүрі" іс-шарасын ұйымдастырды.  Сынып жетекшісі Р.Тәжібаев
іс-шаралар
19
март
2024
іс-шаралар
 Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Ұлыстың ұлы күні Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс-берекенің арқауы, тек адамзаттың ғана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы.        Наурыз мерекесіне орай оқушылар салт дәстүрге байланысты “Ұрын бару”,  “Бесікке салу”,  “Ерулік”,  “Тұсау кесер” көріністерін қойып өтті.
іс-шаралар
19
март
2024
іс-шаралар
 Ұлттық ойындар-халқымыздың өшпес мұраларының бірі. Ата-бабамыздан бастау алған бұл ғұрыпымыз қанша уақыт өтсе де өз құндылығын жоғалтқан емес.  Бала денсаулығының мықты болуы, дене құрылысының дұрыс жетілуінде ұлттық ойындардың алатын орны ерекше. Осы орайда мектебімізде ұлттық ойындар сайысы өткізілді. Сайысқа қатысушылар ұлттық киіммен қатысты. Оқушылар арқан тартыс,  қол күрес, гир сияқты ойын түрлерінен бақтарын сынады. 
іс-шаралар
18
март
2024
іс-шаралар
 Биылғы жылы еліміз бойынша Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы қабылданды.         Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы бұған дейін қалыптасқан салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты насихаттау, көне мерекенің алғашқы мәнін қайтарып, қыр-сырын толық ашу. Осы орайда 14-23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға Наурызнама онкүндігі ұйымдастырылды. Онкүндік аясында 18 наурыз - Ұлттық киім күніне орай мектебімізде тақырыптық челлендж ұйымдастырылды. Челленджге мектебіміздің оқушылары мен
іс-шаралар
15
март
2024
іс-шаралар
ЛУДОМАНИЯ - БОЛАШАҚТЫҢ ДЕРТІ    №106 орта мектебінде "Жалын" дебат орталығының жетекшісі Қ.Байғалиева  ұйымдастыруымен  "Лудомания-болашақтың дерті" қарары бойынша  дебат  ойыны өткізілді.                                                                                                    Мақсаты: Оқушылардың қазіргі уақыттағы ойын мәселесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Оқушыларға лудомания, құмар ойындар, ғаламтор арқылы ойналатын ойындардың зияны туралы  ақпараттар беру. Қатысушылар ойын
іс-шаралар
15
март
2024
іс-шаралар
 Иіркөл ауылы “№106 орта мектебі" КММ-де "Қазақстан халқына"  қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өтетін "Қайрымдылық"  күніне орай балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында "QH  Жаздық  жолдама - 2024" қайырымдылық жобасы бойынша екі жолдама табыс етілді. Мектеп әкімшілігіне ауыл әкімінің бас маманы Нұрашева Замзәгүл сертификатты табыстады.