№106 орта мектебінің тарихы
XX ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстанда бүкіл елге білім беру науқаны басталып, жаппай сауаттандыру жұмыстары жүргізілді.Алғашқы кезде бастауыш білім беру жолға қойылды. 1937-1938 жылдардан бастап бастауыш білім беретін мектептерді орталау мектепке айналдыру /7 жылдық/ реформасы жасалды. Сол кезде «Төрткөл» ауылдық кеңесіне қарайтын «Қызыл жұлдыз», «Жаңа тұрмыс», «Молотов», «Жаңа жол», «Энгельс» колхоздарының жастарына 7 жылдық білім беру мектебі ашылды. Алғашқы кезде білім беру Садық Ахун