"Болашақ" өзін -өзі басқару ұйымы
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес №284 мектебінде «Көк тудың желбірегені» тақырыбындағы Республика күні мерекесіне арналған жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушыларының арасында облыстық дебат турнирінің аудандық кезеңі өткізілді.Пікірсайысқа 106, 250, 277, 27, 28, 269 мектептері қатысты.Нәтижесінде біздің мектебіміздің намысын қорғаған "Жалын" фракциясы ІІ орынды иеленіп, мектеп абыройын қорғады .