Асханада «Ашық есік» күні өтті » №106 ОРТА МЕКТЕП
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
"№106 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72437) 26-6-71
Есепші бөлімі:
+7(72437) 26-6-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
октябрь
2022

Асханада «Ашық есік» күні өтті



Асханада «Ашық есік» күні өтті 

№106 орта мектебінде 2022 жылдың  6 қыркүйек күні мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы бойынша «Ашық есік күні» ұйымдастылырылды.
             Іс-шараның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, асхананың санитарлық жағдайын анықтау.
           Мектеп бойынша 47 аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Тегін ыстық тамақпен қамту жұмысына жауапты ДТІЖО Г.Орынбаева, әлеуметтік педагог С.Төлепбергенұлы, медбике А.Мырзалиева, ата-ана комитетінің төрайымы А.Әуезханова, ата-аналар Н.Сейтмұратова бірге мектеп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы, санитарлық талаптардың орындалуы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен танысып шықты.
       Мектеп асханасында ас мәзірі   аудандық білім бөлімінің   келісімімен бірге жасалған. Оқушылардың тамақтану кестесі құрылған. Дайын астын күндік сынымысы алынып, тоңазытқышта сақталған. Астың бір оқушыға тиесілі нормасы сақталған. Оқушылар ауыз сумен қамтылған. Оқушылардың қол жуатын жерінде сұйық сабын, бір реттік қағаз сүлгілер қойылған. Асхана буфетінде тыйым салынған тағамдар жоқ. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерден тамақтау уақытында кезекшілік құралған. Асханада бейне бақылау камералары орнатылған.

 

Похожие публикации:

19 сентябрь 2023 КОНКУРС!!
09 декабрь 2022 Іс-шаралар