06
февраль
2023
іс-шаралар
Үстіміздегі жылы қаңтар айының 31-і күні №106 мектеп 9-сынып оқушылар аудандық агротехникалық колледжге, аудан орталығында орналасқан "Марал" сән салонына, "Салтанат" кондитерлік цехына экскурсия жасады. Мақсаты: мамандық таңдауда дұрыс кәсіби бағдар беру болып табылады. Мектеп оқушылары агротехникалық колледжде мамандық түрлерімен және жаңадан жабдықталған тігін цехымен танысты. Сонымен қатар, оқушылар "Марал" сән салоны мен "Салтанат" кондитерлік цехының жұмыс барысын көріп, ішіндегі мамандармен пікір алмасты.






