Мектеп тарихы » №106 ОРТА МЕКТЕП
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
"№106 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72437) 26-6-71
Есепші бөлімі:
+7(72437) 26-6-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2021

Мектеп тарихы

№106 орта   мектебінің тарихы


 XX ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстанда бүкіл елге білім беру науқаны басталып,  жаппай сауаттандыру жұмыстары жүргізілді.Алғашқы кезде   бастауыш білім беру жолға қойылды. 1937-1938 жылдардан бастап бастауыш білім беретін мектептерді орталау   мектепке айналдыру /7 жылдық/ реформасы жасалды. Сол кезде «Төрткөл» ауылдық кеңесіне қарайтын «Қызыл жұлдыз», «Жаңа тұрмыс», «Молотов», «Жаңа жол», «Энгельс» колхоздарының жастарына 7 жылдық білім беру мектебі ашылды.

Алғашқы кезде білім беру Садық Ахун мешітінде басталды. Бұл мектеп 1937 жылы «Жаңа тұрмыс» 7 жылдық мектебі болып ашылып, «Төрткөл» ауылдық кеңесіне қарайтын аймақтағы жастар осы мектепте білім алды. 1937-1941 жылдар аралығында мектепте «Қызыл жұлдыз» колхозының тумасы Нұржанов Төрәлі қызмет істеп, Ұлы Отан соғысына кетіп қайта оралмады. 1951-1952 жылдары мектеп жаңа колхоз орталығына көшірілді. 

1942-1949 жылдар аралығында 7 жылдық мектептің алғашқы директоры болып Жұмағали Өмірзақов қызмет атқарды. 

1950 жылы қыркүйек айында бұрынғы ұсақ колхоздарды ірілендіру саясатына байланысты «Жаңа тұрмыс», «Молотов», «Жамбыл», «Қызыл жұлдыз», «Калинин»,   «Киров» колхоздары іріленіп, «Молотов» атындағы колхоз болып қайта құрылды.

1949 -1951 жылдар аралығында  Оспанов Өмірзақ мектеп директоры болып қызмет атқарды.

1951-1952 оқу жылынан бастап, осы мектеп  №106 «Октябрь» мектебі атанады. 

1951-1953 оқу жылынан бастап 1957 жылға дейін мектептің директорлық қызметін Ахметов Самалбек абыроймен атқарды. Ол кісінің атында қазіргі уақытта аудан орталығында көше бар.

1953-1954 жылы Сейдалиев Абдуахит, 1960-1964 жылдар аралығында Байекеев Шамшат, 1965-1969 жылдар аралығында Жалғасбаев Боранбай деген азаматтар мектеп директоры болып қызмет атқарды.

1969 жылдан 1981 жылға дейін Тәжібаев Жұмахмет мектеп директоры болды.

1981-1982 жылдар аралығында Исаев Аманжол, 1983-1987 жылдар аралығында Ахметов Әуезхан мектеп директоры болып қызмет атқарды.

1988-1998 жылдар аралығында Маханбетов Садуақас мектеп директоры қызметін атқарды.

1998-1999 оқу жылында Өтегенов Бақытбек, 2002-2003 оқу жылында Оспанова Шолпан, 2003 жылдан бастап Асақров Құснадин мектеп директоры болып қызмет атқарды.

2006-2008 жылдар арасында мектеп директоры болып Қауысов Дәулет қызмет  атқарды.

2008-2009 оқу жылынан бастап мектеп директоры болып Тәжібаев Ғалымжан қызмет атқарды.

2012-2021 оқу жылынан бастап мектеп директоры болып  Наукебаева Шырын қызмет атқарды.

1970-1980 оқу жылдарының аралығында мектептерді кабинеттік оқу жүйесіне көшіру жұмысы қарқынды жүргізілді.Сабақтарда техникалық оқу құралдарын сабаққа тиімді пайдалану  көлеміндегі   мұғалімдердің тәжірибелерін   жұмысында пайдалану іске асырылды. Осы жылдар аралығында мектепте өз ісіне беріле жұмыс жасаған мектеп мұғалімдері Садықов Нұртаза, Нұрашев Кәдірбек, Шалғынбаева Гүлшат, Әбдрахманова Күнзалипа, Тәжібаев Жұмахметтер Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі атағымен марапатталды.Ұзақ жылдар бойы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған Қорғанбаев Қарсақбай «Құрмет белгісі» орденімен наградталды.

Бастауыш сыныпта білім берген Ысқақова Үрліғайым «Аға мұғалім» атағын иеленді, сондай-ақ жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінде Мусаев Мұзаппар, Қыстаубаева Төлеш, Ысқақов Ораз, Шүленова Науат, Баймаханов Үсен тағы да басқа көптеген ұстаздар мектептің мәртебесін көтеруге өлшеусіз үлес қосып, адал еңбек етті.

 Қазіргі таңда мектеп қабырғасында жас ұрпаққа жаңашылдықпен білім беріп, өнегелі тәрбиелеуде еңбек етіп, шығармашылықпен қызмет атқарып жүрген жас ұстаздар бар, олар   аудандық «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпаздары  атанды.

 1970 жыл ауыл халқы және мектеп үшін ерекше жаңалық алып келді, себебі №106 мектептің ғимараты оқушыларға заман талабына сай білім беруге және гигиеналық талапқа сай   болмайтын, тұрғын үй есебінен салынған құрылыс еді. Совхоз 1961 жылдан бастап, аудан қарамағынан бөлініп, әскери басшылыққа берілген болатын. Сол жылдары мектеп директоры болып қызмет атқарған Тәжібаев Жұмахмет СССР Қорғаныс Министрі және СССР Жоғарғы Советінің депутаты А.А. Гречконың атына заман талабына сай ауыл орталығынан жаңадан мектеп салуға жергілікті халық атынан  хат жазып, көмек беруді сұрады. Сол хаттың негізінде осы күнгі ауыл орталығындағы   үш қабатты мектеп ғимаратының құрылысы басталып, бүгінгі күні оқушылардың, ауыл тұрғындарының игілігіне жұмыс істеп тұр.  

Қазіргі таңда мектеп оқушыларының саны – 149 оқушы

1. Класс-комплект саны – 11

2. Мектеп алды даярлық сыныбы жоқ.

3. Үйден оқитын оқушы -1

4. Мұғалім саны – 33, оның ішінде:     жоғары білімді – 31, арнаулы орта -2.