11
апрель
2023
физика, математика, информатика пәндері апталығы
2023 жылдың 10 сәуірінде №106 орта мектебінде «Ғылым кілті тек білімнен алынар, Сол біліммен ғарышқа жол салынар» тақырыбында физика, математика, информатика пәндері апталығының ашылуы болып өтті. Мақсаты:Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып-үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, Отан сүйгіштікке, әсемдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
12 сәуір Ғарыш күнімен тұспа-тұс келген апталықта оқушылар алдын-ала берілген тапсырма бойынша зымыран макетін жасап, көрме ұйымдастырылды. Мектеп директоры М.Жұматаев оқушыларға нақты ғылымдар жөнінде пікірін білдіріп, апталық жұмсына сәттілік тіледі. Пән мұғалімдері апта бойы жүргізілетін бағдарламамен таныстырды және 5-сынып оқушылары ғылым, білім, ғарыш жөнінде әдеби-монтаж айтты. ИФМ пән мұғалімдері ұстаздар мен оқушыларды апталыққа белсенді қатысуға шақырды.