1 – қыркүйек Білім күні » №106 ОРТА МЕКТЕП
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
"№106 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72437) 26-6-71
Есепші бөлімі:
+7(72437) 26-6-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 – қыркүйек Білім күні
01
сентябрь
2023

1 – қыркүйек Білім күні

1 – қыркүйек Білім күні????
????????????????
Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты. 
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекешілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталды.
Осы айтулы мерекеде 1 – қыркүйек «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» салтанатты жиыны өтті. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер сыңғырлаған қоңырау үнімен табысты.  1- сынып оқушылары №106 орта мектебіне алғаш қадам басып, алғаш мектеп қоңырауының үнімен сынып партасына орналасты. Жиынға келген қадірлі қонақтарымыз, ата-аналар жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Похожие публикации:

19 сентябрь 2023 КОНКУРС!!