19
сентябрь
2023
5-қыркүйек “ Тілдер күні” мерекесі
2023 жылы қыркүйек айының 11-15 күндері аралығында мектебімізде 5-қыркүйек “ Тілдер күні” мерекесіне орай апталық болып өтті. Апталықтың мақсаты: тілді құрметтеуге, жақсы көруге, дәріптеуге үйрету. Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге тәрбиелеу. Апталық мектеп оқушыларының қойылымымен, қызықты сұрақтармен ашылса, келесі күндері эссе жазу байқауы, “Менің атым Қожа” фильм желісі сурет салу байқауымен жалғасын тапты. Қыркүйек айының 13-і күні “Ауылда тұрудың үш артықшылығы” тақырыбында мектеп мұғалімдері арасында тартысты дебат өткізіліп, 2-сынып оқушыларына Ахмет Байтұрсынұлына арналған таныстырылым көрсетілді. Апталықтың соңы мектеп оқушыларының мерекелік кешімен қорытындыланып, оқушылар марапатымен аяқталды.