01
февраль
2024
іс-шаралар
1.02.2024 жылы N106 орта мектеп базасында кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде: 1) 3 жылғы білім сапасына талдау жасау; 2) Білім беру процесіндегі жіберілген олқылықтардың орнын толтыруға жұмыстар жоспарлау; 3)Мектепішілік медиа жоспарын бекіту мәселелері қаралды.Педагогикалық кеңес барысында мектеп директоры М.Жұматаев күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, тиісті шараларды атқаруға тапсырма берді.Сонымен қатар, педагогикалық әдеп нормаларын сақтауға, педагогтің имиджін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды тапсырды. Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Сондықтан ұстаз халықтың айнасы екенін жадында сақтау керек. Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі.




