Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тақырыбында 3- 10 сынып оқушылары арасында ән, би, мәнерлеп оқу жанры бойынша байқау болып өтті.

Мақсаты: оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, ата-мекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету.Іс-шараға белсене қатысқан оқушылар "Алғыс хаттармен " марапатталды.