Әскер – ел мен жердің қорғаны, мемлекеттің тірегі. » №106 ОРТА МЕКТЕП
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
"№106 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72437) 26-6-71
Есепші бөлімі:
+7(72437) 26-6-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әскер – ел мен жердің қорғаны, мемлекеттің тірегі.
09
февраль
2023

Әскер – ел мен жердің қорғаны, мемлекеттің тірегі.

✨Әскер – ел мен жердің қорғаны, мемлекеттің тірегі. Айбыны асқақ армиясы бар елдің қашанда еңсесі биік, әлеуеті зор болатыны белгілі. Ұланғайыр жеріміздің тұтастығы жолында ат терлігін құрғатпаған жауынгер бабаларымыздың ізін басар ұрпақтардың елжандылығына қарап, ертеңімізге деген сенім нығая түседі.
?№ 106 орта  мектебінің  8-11  сыныпта оқитын ер балалары еліміздегі жоғары арнаулы әскери білім беретін оқу орнына түскен мектеп түлектерімен кездесті. Кездесуді мектеп директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары 
 Қ. Айтманбетов , 
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ж.Ахметов ұйымдастырды.
 ??‍♂️Петропавл қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери академиясының курсанты Ұзақбаев Мұхтар, білім алып жатқан әскери оқу орындарының тыныс-тірішілігін таныстырып, курсанттарға қатысты ережелер мен қойылатын талаптар туралы айтып берді.
Әскери оқу орнына қабылдау  қағидалары мен қажетті құжаттар тізбесімен таныстырды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Похожие публикации:

15 январь 2024 іс-шаралар
10 февраль 2023 Іс-шаралар