21
октябрь
2023
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ МІНДЕТ
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ МІНДЕТ
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады.
Осы орайда 19 қазан күні 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықпен топтық төбелестің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, топтық төбелесті болдырмау, есірткі заттарының адам денсаулығына зияны жөнінде тақырыптар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар іс шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беріліп және оның түрлерін аталып және де жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Іс шара соңында оқушылардың өз ойлары ортаға салынып, ұсыныс - пікірлер тыңдалды.