Дебат
Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №106 орта мектебінде 13 қаңтар күні «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысының жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру мақсатында Республикалық ұлттық пікірсайыстың аймақтық кезеңі өткізілді. Пікірсайысқа №106,107,108,109 мектептері қатыстырылды. Нәтижесінде №108 «Аманат» фракциясы жеңімпаз атанып, аудандық кезеңге жолдама алды. Алдағы уақытта да жеңімпаз атануына сәттілік тілейміз!