15
ноябрь
2023
Педагогтерді аттестациялау
Мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау аттестаттау арқылы жүзеге асады.Биыл аттестаттау процедурасы өзгереді.Бұған дейін мұғалімдер аттестацияға өту үшін электронды және қағаз нұсқада көп құжат жинауы тиіс болды.Бұл құжаттарды аттестаттау комиссиясы ұзақ қарайтын.Жаңа жүйе бойынша Ұлттық платформа негізінде мұғалімдерді аттестаттау процесі автоматтандырылады.Оқу ағарту министрі Ғани Бейсенбаев : «Басты мәселелердің бірі-аттестаттау процесінің обьективтілігін ,ашықтығын және академиялық адалдық принциптерінің сақталуын қамтамасыз ету.Қарапайым тілмен айтқанда аттестаттау жүйесі «бір батырма» принципімен жүргізіледі»,-деді.
15 қараша күні №106 орта мектебінде аттестацияның жаңа ережесімен танысып,талқылау мақсатында «Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесі» тақырыбында мұғалімдермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Дөңгелек үстелде мектеп директоры М.Жұматаев педагогтерді аттестаттау ережесіндегі жаңа өзгерістерімен таныстырып өтті. Мектеп мұғалімдері жаңа ережемен танысып,біліктілікті арттыру жүйесіне қойылатын талаптарды талқылып,өз пікірілерін ортаға салды және өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында мұғалімдер аттестацияның жаңа жүйесінің тиімділігін қолдайтындықтарын білдірді.