28
февраль
2023
Оқушы жетістіктері
№106 орта
мектебінде арнайы маман С.Ақылшаеваның ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар арасында мектепішілік «Менің қолымнан бәрі келеді» атты іс-шара болып өтті.
Мақсаты: оқушылардың бойларындағы қабілетін аша білу, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру. Жан-жақтылыққа үйретіп, өздігінен еңбектенуге үйрету мен зейінінің тұрақтылығын дамыту. Іс-шара барысында топтық және жекелік тапсырмалар беріліп, оқушы қолының тактильді қызметін, ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған әр түрлі сынды жұмыстар жүргізілді. Іс-шараға белсене қатысқан оқушылар арнайы мадақтамалармен марапатталды.


