17
февраль
2023
«Әке—шаңырақтың тірегі» атты дөңгелек үстел
2023 жылдың 17 ақпан күні №106 орта мектебінде мектеп психологы Б.Қаниева «Әке—шаңырақтың тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге әкелер қатыстырылды. Шара барысында әкелермен түрлі жұмыстар жүргізілді.
Отбасындағы әке мен бала арасында қарым-қатынасты нығайту барасында үш топқа бөлінген әкелер әр жұмысқа белсенділік танытып, ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері А. Тоқшылықова мен ата-ана төреағасы қатысты.«Әке көрген-оқ жонар,шеше көрген тон пішер»- демекші балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ананың жауапкершілігінде екені айтылып өтілді.
Мақсаты: отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірлермен бөлісу. Оқушыларға отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.


