10
февраль
2023
"Отбасы және мектеп" тақырыбында дөңгелек үстел
9 ақпан 2023 жылы #106 орта мектебінде 1,3-сынып окушыларының ата- аналарымен " Отбасы және мектеп" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру. Дөңгелек үстел әсерлі тренингпен басталды. " Танысу", "Жанұя бақыты" жаттығулары, "Сөйлемді аяқта" әдістер қолданылды. Дөңгелек үстел соңы "Тілек шамы" әдісі арқылы ата-аналардың ыстық тілектерімен аяқталды. 

