25
сентябрь
2023
“ Айтыс- ұлы өнер”
22 қыркүйек күні 106 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Молдабаеваның ұйымдастыруымен “ Айтыс- ұлы өнер” тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушыларға ұлттық өнерді кеңінен насихаттау, балаларды шешендікке баулу. Іс-шара барысында оқушыларға айтыс өнері туралы, айтыскер ақындар туралы мәлімет берілді. Дөңгелек үстел соңы қазан айында өткізілетін айтысқа қатысатын жұптарын анықтаумен жалғасын тапты. Жұптар жеребе арқылы анықталды.