Школьникам » №106 ОРТА МЕКТЕП
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
"№106 орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72437) 26-6-71
Бухгалтерия
+7(72437) 26-6-71
Версия для
слабовидящих
» Школьникам
оқушылар жетістіктері
12
март
2024
оқушылар жетістіктері
Ауыл мектептері оқушыларына арналған бірінші республикалық олимпиаданың екінші (іріктеу)кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.        106 орта мектебінің директоры М.Жұматаев олимпиаданың облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған оқушыларды марапаттап,үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді.Жеңімпаз оқушыларды дайындаған мұғалімдеріне алғысын білдіріп,жеңістерімен құттықтады.  Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша: 9 - сынып оқушысы Амантай Нұрсәуле 1-орын Жетекшісі:Кенжебаева Динара
оқушылар жетістіктері
07
март
2024
оқушылар жетістіктері
6.03.2024 жылы мектебіміздің 8-сынып оқушыларынан құралған "Жалын"  тобы жетекшісі Алғашқы әскери және техологиялық дайындық пәнінің мұғалімі  Ж.Ахметов Қармақшы аудандық "Жас құтқарушы-2024"үйірмелері арасында өткізілген жарыстан жүлделі 2-орын алып, дипломмен марапатталды.      "Құтқару арқанын байлау"сайысынан үздік уақыт көрсеткені үшін Асанов Нұрадин Әуезханұлы дипломмен марапатталды.
оқушылар жетістіктері. іс-шаралар
07
март
2024
оқушылар жетістіктері. іс-шаралар
 Республика көлемінде "Zeyindi_bala" балалар журналының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай "Мақатаев оқулары" атты конкурсына мәнерлеп оқу бағыты бойынша қатысып бас жүлде алғаны үшін 8-сынып оқушысы Ахметбекқызы Інжу, 7-сынып оқушысы Алтаев Мағжан, І дәрежелі дипломмен Ұзақбаев Беколжас, Молдабекова Сұлухан, Жұмахметов Нұрсұлтан, Жұматаев Еркебұлан марапатталды.       Жетекшісі мектеп кітапханашысы Абдикаликова Рита
оқушылар жетістіктері
19
январь
2024
оқушылар жетістіктері
18.01.2024жылы Мектеп оқушылары арасында өткізілген "Әскерге шақырылушы-2024"әскери -қолданбалы спорт түрлерінен аудандық жарысында белсене қатысқаны үшін 106 орта  мектептің 10-сынып  оқушысы Нұртаев Нұрәлі алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Ж.Ахметов
Жайдарман ойындарының финалдық кезеңі
09
ноябрь
2023
Жайдарман ойындарының финалдық кезеңі
Қармақшы Ауданы Жастар Орталығының ұйымдастыруымен аудандық жайдарман ойындарының финалдық кезеңі болып өтті. Оған ауылдық командалар мен кенттен барлығы 5 команда қатысып, мектеп оқушылары жүлделі екінші орынды, 30 мың сертификатымен жеңіп алды.  Командадағы 5-сыны оқушысы Медеу үздік ойыншы атанып, 10 мың теңгелік "Халал" асханасының сертификатымен марапатталды!
"Менің  Отаным - Қазақстан" атты балалар байқауы
08
ноябрь
2023
"Менің Отаным - Қазақстан" атты балалар байқауы
07.ХІ.2023жылы  Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Менің  Отаным - Қазақстан" атты балалар байқауында "Патриот болу - парызым" мәнерлеп оқу номинациясы бойынша № 106 орта мектептің 9сынып оқушысы Асанова Жансая  жүлделі ІІІ - орын иеленіп, аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиеваның мадақтамасымен марапатталды.
Айқанат -2023
01
ноябрь
2023
Айқанат -2023
Айқанат -2023  Аудандық білім бөліміне қарасты 250 мектепте 8-сынып оқушыларына арналған "Айқанат " олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.Мектебімізден  22 оқушы мектепішілік іріктеу кезеңіне қатысып, аудандық кезеңге 9 оқушымыз жолдама алған болатын. Жұмахметов Нұрсұлтан Төлеген Табиғат Шайхы Шұға Раушанбекұлы Ақберен  Бимұратова Ақниет Мұхамедияр Нұркелді  Жадигеров Арсен Тұрмаханов Асхат Асанов Нұраддин Оқушыларымыз аудандық кезеңіне қатысып,  керемет көңіл-күймен шықты. Қорытындысы
"Мерекелі,Алтын күз"
27
октябрь
2023
"Мерекелі,Алтын күз"
106 орта мектепте 27.10.2023ж  "Мерекелі,Алтын күз" 2023 тақырыбында 8-10 сыныптар аралығында сайыс өтті. Сайыс 5-кезең бойынша өтті. 1.Таныстыру 2. Өнерлі өрге жүзер  3.Ас-адамның арқауы 4. Сән үлгісі 5. Кім ойға жүйрік (сұраққа -жауап) Атаулы іс шара барысында оқушылар өздерін жан-жақты таныстырды.Қорытынды нәтиже бойынша өнерімен ерекшеленіп, көрермен көзайымы болған10-сынып оқушылары Нұртаев Нұрәлі мен Ахметбекова Бағжан "Күз ханзадасы мен Күз ханшайымы"атағын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
"Болашақ" өзін -өзі басқару ұйымы
20
октябрь
2023
"Болашақ" өзін -өзі басқару ұйымы
"Болашақ" өзін -өзі басқару ұйымының мектеп парламентінің  Президент сайлауы өтті.  Сайлауға 2 үміткер  болып ұсыныс білдірді.Сайлауға дауыс беруге 8-11 сынып оқушылары қатысты. Мектеп Президенті сайлау комиссиясының шешімі  бойынша, ең көп дауыс жинаған 10-сынып оқушысы Ахметбекова Бағжан мектеп президенті болып сайланды. Ахметбекқызы Бағжан жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта мектеп оқушыларының сенімін ақтап мектептің оқу тәрбие процесінің жанданды жолында аянбай жұмыс жасайды деген
"Болашақ" өзін -өзі басқару ұйымы
18
октябрь
2023
"Болашақ" өзін -өзі басқару ұйымы
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес №284  мектебінде «Көк тудың желбірегені» тақырыбындағы Республика күні мерекесіне  арналған жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушыларының арасында облыстық  дебат турнирінің аудандық кезеңі өткізілді.Пікірсайысқа 106, 250, 277, 27, 28, 269  мектептері қатысты.Нәтижесінде  біздің мектебіміздің намысын қорғаған "Жалын"  фракциясы ІІ орынды  иеленіп, мектеп абыройын қорғады .