06
октябрь
2023
Алғашқы ұстазбен сыр сұхбат
2023 жылдың 5 қазан күні 6 сынып оқушылары алғашқы ұстазы Өмірбаева Орынкүл апаймен сыр сұхбат өткізді.
Мақсаты: оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Оқушылардың бойына дамыту, әрі дарыту.
Ұстаз алдын көрмеген жан жоқ.Өскелең ұрпаққа білім беруді өзіне кәсіп қана емес, өмірлік мәні қылған ардақты да қадірлі мұғалімдер ауылымызда баршылық. Солардың бірі – Өмірбаева Орынкүл Төлепбергенқызы.Ардақты ана, сүйікті әже, зейнеткер-ұстаз.Ұстаз өз жолын қуатын шәкірт тәрбиелеп, ұстаз бен шәкірт арасында үзілмес сабақтастық орнатқанда ғана ұстаздың есімі ұрпақтан ұрпаққа таралары сөзсіз.
Себебі, кез-келген салада, білім мен ғылымда болсын жетістікке жеткен жан әуелі өзінің алғашқы ұстазын еске алатыны белгілі.
Сынып жетекшісі :Қ.Байғалиева