
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Ұлыстың ұлы күні Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс-берекенің арқауы, тек адамзаттың ғана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы.

Наурыз мерекесіне орай оқушылар салт дәстүрге байланысты “Ұрын бару”, “Бесікке салу”, “Ерулік”, “Тұсау кесер” көріністерін қойып өтті.