"Lesson study" » №106 ОРТА МЕКТЕП
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
"№106 орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72437) 26-6-71
Бухгалтерия
+7(72437) 26-6-71
Версия для
слабовидящих
19
январь
2023

"Lesson study"

№106 орта мектебінде білім бөлімінің айлық жоспарына сәйкес "Lesson study" (сабақты зерттеу) үдерісі:тәжірибе, ізденіс, нәтижелер" тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға ауданымызға қарасты 29 мектептен мұғалімдер қатысты. Семинардың басы мектептің әлеуметтік педагогы С.Төлепбергенұлының тренингінен басталды. Одан әрі семинармыз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Кенжебаеваның таныстырылымымен жалғасын тапты. Тақырыпты ашу үшін таныстырылым мектеп мұғалімдерінің жұмысымен жалғасты. Семинар аясында Ш.Батырова, Г.Шалманова, А.Аққасыновалар "Lesson study" сабактарын жүргізді. «Lesson study" зерттеу сабағында зерттеуге алынған оқушыларды бақылауға мектептен «Lesson study"  тобы құрылды. Зерттеу сабағы  сабақтар аяқталған соң, бақылаушылар  А, В, С деңгейіндегі оқушылармен сұхбаттасып, топ бірлесе отырып сабақты талқылап, келесі «Lesson study"циклын жоспарлады. Семинар соңында әр топтың модераторлары келесі сабаққа жоспарланған жұмыс жоспарымен таныстырды. Мектеп директорының бейінді орынбасары Қ.Айтмамбетов қатысушы мұғалімдерге коучинг өткізсе, мектептің тәжірибелі мұғалімі, мектеп тренері Г.Нұрмаханова келген мұғалімдерге "Ақылдың 6 қалпағы" әдісі арқылы кері байланыс жасай отырып, «Lesson study"  үдерісінің мектеп тәжірибесіне тиімділігі талқыланды. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Қосанова талқылап, «өте жақсыға» бағалады. Семинар өз деңгейінен жоғары деңгейде өтті.

Похожие публикации:

19 сентябрь 2023 КОНКУРС!!
23 январь 2023 Мероприятие