Оқушылар жетістіктері » №106 ОРТА МЕКТЕП
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
"№106 орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72437) 26-6-71
Бухгалтерия
+7(72437) 26-6-71
Версия для
слабовидящих
13
январь
2023

Оқушылар жетістіктері

ҮЗДІК ОҚЫРМАН ОТБАСЫ
№106 орта мектебінде 2022 жылы 13 желтоқсан  күні   оқушыларды кітап оқуға тарту,кітап оқуды насихаттау және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Лучший оқырман отбасы» сайысы өткізілді.
Мақсаты:  Балаларда кітап оқу дағдысын қалыптастыру,туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Балаларға отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып отбасы құндылықтарын дәріптеу. Сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау,рухани мұраны сақтау балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне,еліне деген патриоттық сезімін ояту.
 Сайысқа  5 сынып оқушылары ата-аналарымен қатысты.Байқау 3 кезеңнен тұрды. «Кітап және менің отбасым», «Отбасымыздың сүйікті кітабы»,  «Білімнің- көзі кітапта»  сұрақ-жауап бөлімдерден тұрды. Сайыс  бөлімдер бойынша өз дәрежесінде өтті. Сайыс  нәтижесінің қортындысы бойынша 5 сыныптың  Елбосыновтар  отбасы Лучший деп танылып,дипломмен марапатталды,Молдабеков отбасы және Жетпісбаевтар отбасы Алғыс хатпен  марапатталды.