Школьникам » Страница 2 » №106 ОРТА МЕКТЕП
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
"№106 орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72437) 26-6-71
Бухгалтерия
+7(72437) 26-6-71
Версия для
слабовидящих
«Көк тудың желбірегені» дебат
17
октябрь
2023
«Көк тудың желбірегені» дебат
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру  орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Көк тудың желбірегені» Республика күні мерекесіне  арналған жалпы білім беру ұйымдарында  аудандық  дебат турнирінің аймақтық кезеңі өткізілді. Пікірсайысқа №79,106,107,108,113,199 мектептері қатысты.Нәтижесінде №106 мектеп  «Жалын» фракциясы жеңімпаз атанып, аудандық кезеңге жолдама алды. Алдағы уақытта да жеңімпаз атануына сәттілік тілейміз! #bilimkzo #RumcdoMoRK #ШерРаиса
«Көк тудың желбірегені» мектепішілік дебат
16
октябрь
2023
«Көк тудың желбірегені» мектепішілік дебат
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Көк тудың желбірегені» Республика күні мерекесіне  арналған жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық  дебат турнирінің N106 орта мектебінде мектепішілік "БП білім сапасын көтеру мақсатында  грант санын азайту керек деп есептейді" тақырыбында дебат ойыны өтті. Пікір-сайыс ойынына "Жалын" және "Бəйтерек" фракциялары қатысып,аймақтық кезеңге "Жалын" фракциясы
“Жаңа күн-жаңа Қазақстан”
11
октябрь
2023
“Жаңа күн-жаңа Қазақстан”
9 қазан күні 28 орта мектеп базасында “Жаңа күн-жаңа Қазақстан” тақырыбында жас ақындар айтысы болып өтті. Айтысқа 14 оқушыдан 7 жұп қатысты. Тартысты додада мектеьіміздің 9-сынып оқушысы Асанова Жансая (жетекшісі Гүлнұр Молдабаева) жүлделі 3 орын алып, жеңіс тұғырынан көрінді. Марапаттарыңыз құтты болсын!!!
"Бұл менің ағашым"  акциясы
28
март
2023
"Бұл менің ағашым" акциясы
Иіркөл ауылы N106  орта мектебінің жасұландары "Алаш ұлағаты-Ұландар үнінде" Жас ұлан ұйымының жылдық акциясында  жас ұлан ұйымының мүшелері Ыбраевтар отбасы  "Бұл менің ағашым"  акциясы аясында көркейту көгалдандыру мақсатында өздерінің ауласына  ағаштар отырғызды. 
"Бұл менің ағашым" акциясы
27
март
2023
"Бұл менің ағашым" акциясы
Иіркөл ауылы N106  орта мектебінің жасұландары "Алаш ұлағаты-Ұландар үнінде" Жас ұлан ұйымының жылдық акциясында  жас ұлан ұйымының мүшелері Ұзақбаевтар отбасы  "Бұл менің ағашым"  акциясы аясында көркейту көгалдандыру мақсатында өздерінің ауласына жеміс ағаштарын отырғызды.
Оқушы жетістіктері
28
февраль
2023
Оқушы жетістіктері
 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! «Phoenix Intellect» ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында цифрлық сауаттылық пәні бойынша қашықтықтан олимпиада  болып өтті. Олимпиадаға 1-4 сынып оқушылары қатыстырылды.  Нәтижесінде  І орынмен 2-сынып оқушысы Жайнарбек Сұңқар, 3-сынып оқушысы Жұматай Мұрагер, 4-сынып оқушылары Кеңес Ерзат, Молдабек Ұлан, ІІ орынмен 1-сынып оқушысы Шайхы Фараби  марапатталды. Пән мұғалімі: Байкенжеева Гүлжахан «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Пәндік олимпиада
22
февраль
2023
Пәндік олимпиада
 Республикалық пәндік олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңіне мектебіміздің 11- сынып оқушысы Муса Ақнұр Сағитқызы құқық негіздері пәнінен қатысты.Пән мұғалімі Нәбиев Ғали. Білім нәрімен сусындатқан  барлық ұстаздар қауымына және ата-анасына алғыс білдіре отырып, алдағы ЕНТ-ден жоғары балл алуына тілектеспіз!