Тәуелсіздіктің 30жылдығына орай
№ 106орта мектебінде салтанатты жиын өтті.
Жиын барысында мектеп директоры М.Жұматаев құттықтау сөз сөйлеп,Тәуелсіздіктің төл құрдастарын және мектептегі еңбегі еленген ұстаздарды құттықтап,мадақтау қағазын табыстады.Сонымен қатар "Жас Қыран" Республикалық қоғамдық ұйымы қатарына

№106 орта мектебінен белсенді деп танылған 3-сыныптың он оқушысы қабылданды.Оқушыларды ұйым қатарына қабылдау рәсіміне мектеп директоры,орынбасарлары және мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.Ұйым қатарына қабылданған оқушыларға көк галстук тағылды.Жаңа қабылданушылар Отансүйгіш болуға,ел мен жерді сүюге,ата-ананы қадірлеуге,оқуда озат,еңбекте адал болуға,табиғатты аялауға ант беріп,рәсім жасады.

Аталған ұйым жасөспірім оқушыларды жоғары рухани адамгершілікке,өз елін,өз Отанын сүйетін патриоттыққа тәрбиелейді.Шара соңы әдеби монтаж бен әсем әнге ұласып,оқушылар жақсы көңіл-күймен тарқасты.