Іс-шаралар » Страница 12 » №106 ОРТА МЕКТЕП
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
"№106 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72437) 26-6-71
Есепші бөлімі:
+7(72437) 26-6-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
физика, математика, информатика пәндері апталығы
11
апрель
2023
физика, математика, информатика пәндері апталығы
2023 жылдың 10 сәуірінде №106 орта мектебінде  «Ғылым кілті тек білімнен алынар, Сол біліммен ғарышқа жол салынар» тақырыбында физика, математика, информатика пәндері апталығының ашылуы болып өтті. Мақсаты:Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып-үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, Отан сүйгіштікке, әсемдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.      12 сәуір Ғарыш күнімен тұспа-тұс келген апталықта оқушылар алдын-ала берілген тапсырма бойынша зымыран макетін жасап, көрме
Дебат
07
апрель
2023
Дебат
2023 жылдың 06 сəуір күні #106 орта мектебінде "Бұл палата ата-аналардың баласының əлеуметтік желіге кіруге мүмкүндік болуы керек деп есептейді" деген қарар тақырыбында мекепішілік пікірсайыс өткізілді.Пікірсайысқа  "Жалын" жəне "Бəйтерек" фракциялары қатысты.Ойын барысында оқушылар өз позицияларын ізденімпаздықпен өз деңгейінде қорғап, нәтижесінде  "Бəйтерек" фракциясы жеңіске жетіп, аймақтық кезеңге жолдама алды.Сәттілік тілейміз!
"Кітап менің досым" тақырыбында танымдық сағаты
03
апрель
2023
"Кітап менің досым" тақырыбында танымдық сағаты
№106 орта мектебінде кітапханашы Р.Абдикаликованың ұйымдастыруымен 2 сәуір Халықаралық балалар кітап күніне орай "Кітап менің досым" тақырыбында танымдық сағат өтті. Мақсаты:Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру .Кітапқа деген қызығушылығын арттыру,күтіп ұстауға үйрету.
Іс шаралар
17
март
2023
Іс шаралар
 2023 жылдың 16 наурызында #106 орта мектебінде “Жалын” дебат клубының мүшелері арасында "Мемлекеттік  тілдің қолданыс аясын кеңейтудің тиімді механизімін ұсынады" тақырыбында дебат ойыны  өткізілді. Ойын барысында екі қарсылас топта берілген тақырыптың өзектілін фактілер және статистикалық мәліметтер арқылы кең ауқымда талқылады.  Ойын қорытындысы бойынша “Үкімет” фракциясы 1 орын алды.
Іс шаралар
16
март
2023
Іс шаралар
15 наурыз күні №106 орта мектебінде мектеп «Театр және балалар» үйірмесінің жетекшісі А. Алдабергенова мен мектеп «Парламенті» жобасының жетекшісі Ш. Батырованың ұйымдастыруымен «Алаш ұлағаты» тақырыбында алаш зиялыларының тағдыры мен өмірінен мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары арасында сахналық қойылым көрсетілді.        Қойылым барысында мектеп оқушылары ел тағдыры таразыға түскен сын сағатта Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ұлт зиялылары қазақтың болашағы үшін
Іс шаралар
15
март
2023
Іс шаралар
№106 орта мектеп кітапханасында Р.Абдикаликованың ұйымдастыруымен ауылымыздың ақыны А.Байкенжеевтің "Елімнің сырын еттім жыр" атты өлеңдер жинағына арналған әдеби кеш өтті.  Кешке мектептің 5-8 сынып оқушылары қатысып, ақын өлеңдерін жатқа айтты. Ақынның шығармашылығын тыңдай отырып, бірнеше сұрақтар қойды. Мақсаты: Ақын Байкенжеев Абдулла ағамыздың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау, отаншылдыққа, сүйіспеншілікке, туған жерді, елді қадір тұтуға тәрбиелеу. #ЖүзАлтыншыОртаМектеп
Іс шаралар
13
март
2023
Іс шаралар
№106 орта мектеп кітапханасында Р.Абдикаликованың ұйымдастыруымен "Сырбай-лирик ақын" тақырыбында мәнерлеп оқу болды. Шараға 7-9 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің өлеңдерінің эстетикалық рухани құндылықтарымен таныстырып, соғыс тақырыбындағы толғаныстары мен жырларының мәнін ашу. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. 
Іс шаралар
01
март
2023
Іс шаралар
№106 орта мектебінің 9 сынып ата- аналарымен "Бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі" тақырыбында сынып сағаты болды.  Іс- шараның мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру.
Цифрлық сауаттылық пәні бойынша олимпиада
28
февраль
2023
Цифрлық сауаттылық пәні бойынша олимпиада
 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! «Phoenix Intellect» ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында цифрлық сауаттылық пәні бойынша қашықтықтан олимпиада  болып өтті. Олимпиадаға 1-4 сынып оқушылары қатыстырылды.  Нәтижесінде  І орынмен 2-сынып оқушысы Жайнарбек Сұңқар, 3-сынып оқушысы Жұматай Мұрагер, 4-сынып оқушылары Кеңес Ерзат, Молдабек Ұлан, ІІ орынмен 1-сынып оқушысы Шайхы Фараби  марапатталды. Пән мұғалімі: Байкенжеева Гүлжахан «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Мектепішілік дебат ойыны
28
февраль
2023
Мектепішілік дебат ойыны
№106 орта мектебінде “Жалын” дебат клубының мүшелері арасында “БП қыздарға саясатта орын жоқ деп есептейді” тақырыбында дебат ойыны өткізілді.  Мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға,жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу. Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат болып қалыптасуына ықпал жасау. Ойын барысында екі қарсылас