29
февраль
2024
іс-шаралар
28.02.2024 жылы Қармақшы аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 106 орта мектебінде "Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі" тақырыбында аудандық семинар-практикум болып өтті.
Мақсаты:Педагогтердің оқу процесінде оқушылардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту;
Оқушының бойына оқытудың нәтижесі болатын білім,білік,дағды тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру;
Педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігін дамыту.
Семинардың бірінші кезеңінде әлеуметтік педагог С.Төлепбергенұлы семинарға келген ұстаздармен жағымды ахуал орнатып, көңілді тренинг өткізді.
Іс-шарада биология пәнінің мұғалімі А.Исағалиева "Адам генетикасы және оның зерттеу әдістері" тақырыбында 9 - сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді. Мақсаты: адам генетикасын зерттеудің негізгі әлістерін біледі және генетиканы зерттеудің негізгі әдістерін сипаттай алады.
Биология пәнінің мұғалімі Қ.Есіркепова "Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі" тақырыбында 7-сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттау. Іс-шараның келесі кезеңінде Г.Шалманова "Сабаққа қолданылатын дидактикалық құралдардың тиімділігімен дайындау әдістері" тақырыбында заманауи көрнекі құралдарының жасалу жолдарымен таныстырды. Биология пәнінің мұғалімі Р.Тәжібаев "Қызық екен..." тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Рысмағамбетова іс-шараны қорытындылады.










